Қазгидромет ел аумағында 26 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
«Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, бұрқасын болады.
Еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін», – деп жазды синоптиктер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!