Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 02:01

«АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері»
тақырыбында кездесу өтті

18.09.2024

234

0

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөлімінің басшысы Алтынбек Дәрібаев, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, кент тұрғындары мен ерікті жастар, этнос өкілдері және энергетик, физик мамандары қатысты.

Жиынды аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев жүргізіп отырды. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға баға нарығың өсу себептері және бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөлімінің басшысы Алтынбек Дәрібаев Тұрмағанбетұлы баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша «АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері» тақырыбында Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Сара Жақсылықова баяндама жасап, АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба екенін жеткізді.

Сонымен бірге, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Рысбай Кәрімов АЭС технологиялардың қауіпсіздігі мен артықшылығы төңірегінде мазмұнды ой-пікірлерін ортаға салды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: