Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 00:48

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

18.09.2024

255

0

Бүгін АЭС салу жөніндегі аудандық Халықтық штаб мүшелері аудан спортшыларымен диалог алаңын өткізді.

Басқосу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары сөз етіліп, штаб мүшелері кездесушілермен сұрақ-жауап алмасты.

Өз кезегінде Халықтық штаб мүшелері Президенттің жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын қолдап, атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.

Қазіргі таңда барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе болып табылады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергиясы арқылы жасауға болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды деп атап өтті- Б.Шілдебаев
Кездесулерде штаб өкілі С.Оспанова АЭС-тің жаңа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды дамытуға және аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға үлкен ықпал ететінін айтты.

«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді», – деді С.Жанашев.

Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: