Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жұма, 17 мамыр, 19:29

Аққұм ауылында жарқын жобалар іске асырылуда

09.04.2024

158

0

Аққұм ауылы – Жалағаш кентінің оңтүстігіне қарай, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бүгінде аталған ауылда 14 ішкі көше бар. Оның 2 көшесіне былтырғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылға 8 көше күрделі жөндеуден өтпек. 10 көшенің жөн деу жұмыстарына 472 млн теңге мемлекеттен қаржы қаралған.

Аққұм ауылындағы көшелердің жөндеу жұмыстары «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге»! сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Ауылдың инфрақұрылымын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы және уақытында халық игілігіне беру партияның басты назарында болады.

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шілдебаев Бейбітжан, Бақытбек Жүргенбаев және аудандық мәслихатттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлжайна Айтжанова жол құрылысы жұмыстарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстары барысында мердігер мекеме өкілдеріне жолдың сапасы маңызды екендігін айтып, әрдайым партия бақылауында болатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: