Ауданда 2026 жылдың жазғы мезгілінде балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін «Ақтерек» сауықтыру лагері жұмыс жасап, әр аусымға 80 баладан, барлығы 456 бала қамтылды. 2026 жылдың жазғы мезгіліне де 80 баладан 6 аусымда 456 (5 аусымда 80, 6-шы аусымда 56 бала) баланы қамту жоспарлануда.
Бүгінгі күнге дейін «Ақтерек» сауықтыру лагерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуда біршама жұмыстар атқарылғанымен, әлі де болса материалдық-техникалық жағдайы сын көтермейді. Лагерь асханасы 1938 жылы, үш жатын ғимараттары 1998 жылы және бір жатын ғимараты 2012 жылы салынған.
Лагерде 2026 жылдың жазғы маусымға дайындық жұмыстары наурыз айынан басталып, жатын үйлердің ішкі бөлігіне ағымды жөндеу, ауланы тазалау, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ағымды жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржысы 2 646 893 теңге. Сауықтыру лагерін жазғы мезгілде қызмет көрсетуіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындымен қамтуда Басқармаға 2026 жылдың 30 сәуірінде № KZ17RYS01710757 санымен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысымен қамтылды
Лагерь балаларына медико-санитариялық көмек көрсету бойынша 2026 жылғы 13 сәуірде «Жалағаш аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК №200-Ө бұйрығымен жалпы тәжірибелі дәрігер Ұзақова Гүлжайна, эпидемиолог дәрігер А.Издибаев аптасына 3 реттен сауықтыру лагеріндегі балалардың денсаулығын қадағалауды, 2026 жылдың 1 маусымы мен тамыз айының 15 аралығында алғашқы медициналық көмек көрсетуге педиатр дәрігері Ыбырақым Сұлтан мен мейіргер Берниязова Құндызай, стоматолог дәрігер Жархан Мақсат, дантист Жүсіпов Ермек, стоматолог дәрігернің медағасы Жаңабергенов Талғат бекітілген.
Жалпы жазғы мезгілде лагерь ауласы мен үй-жайларға кенеге, шыбын-шіркейге қарсы дезинфекция, дезинсекция, дератизация және соларға ұқсас қызметтерді көрсету үшін «ИП Маханбет» куәлік негізінде әрекет ететін басшысы М.М.Баймбетовпен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 14.05.2026 жылы №990640002715/260059/00 шарты жасалынған
Жалағаш ауданындағы «Ақтерек» сауықтыру лагерінің 2026 жылға дайындығы бойынша Жол картасы әзірленіп, аудан әкімінің орынбасары Ғ.К.Сүлейменовпен бекітілді.
Төсек-орын жабдықтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялау әдісімен немесе химиялық дезинфекциялау құралдарымен қоса алғанда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге электронды портал арқылы «ИП Маханбет» куәлік негізінде әрекет ететін басшысы М.М.Баймбетов жеңімпаз болып танылған, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 15.05.2026 жылы №990640002715/260061/00 шарты жасалынып, 20 мамыр күні жүргізілген.
Ақтерек» жазғы сауықтыру лагерінің санитарлық-техникалық жағдайының төмендігі, күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі туралы аудан әкіміне, аудандық білім бөліміне 27.02.26ж №23-34-24-04-12/279-И және аудандық маслихат төрағасына 02.03.26ж №23-34-24-04-12/287-И, аудандық білім бөліміне 02.03.26ж №23-34-24-04-12/289-И сандарымен ұсыныс хаттары берілді. Сонымен қатар, аудандық аурухана бас дәрігеріне жазғы сауықтыру ұйымдарының медико-санитариялық көмекпен қамтамасыз ету жағдайы және сауықтыру шараларын ұйымдастыру туралы 29.04.26ж №23-34-24-04-12/557-И санды шығыс хаты жіберілді.
Санитарлық ағарту жұмыстарынан ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жазғы мезгілге лагердің дайындық жұмыстарын жандандыру барысында Жалағаш аудандық білім бөлімімен бірлескен бұйрығы (21.04.2026ж №53-нқ,891-нқ) шығарылып, 2026 жылдың 22 сәуірінде Жалағаш аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында, «Ақтерек» жазғы сауықтыру және мектеп жаны күндізгі лагерь (лагерьге жауапты мамандар, сауықтыру лагерь директоры, дәрігер, мейірбикелер мен аспаздар) қызметкерлері арасында аудандық білім бөлімі, аудандық орталық ауруханамен бірлескен бұйрығы (18.05.26ж №65-нқ, 110-нқ, 232-Ө) шығарылып, 2026 жылдың 20-шы мамырында №202 орта мектептің акт залында семинар, 2026 жылдың 29 мамырында сауықтыру лагерінде қызметкерлері арасында «Балалардың сауықтыру ұйымдарының 2026 жылғы жаз маусымына дайындық барысы туралы» тақырыбында дөңгелек үстелөткізілді.
Жалағаш аудандық СЭББ басшысы: Г.С.Аймбетова
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!