Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жұма, 26 сәуiр, 23:03

Бала – біздің болашағымыз!

01.06.2022

736

0

1 маусым – Балаларды қорғау күні және «2022 жыл – Балалар жылы» аясында «Бала- өмірдің мәні» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік салтанатты шеруге балалар әуез мектебі, оқушылар үйі және кент орталығындағы мектеп оқушылары қатысты. Салтанатты шараны аудан әкімі Асқарбек Есжанов ашып, айтулы мерекемен аудан бүлдіршіндерін құттықтады.

– Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қазірден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болмақ, -деді аудан басшысы.

Мерекелік шарада аудан басшысы жетістікке жетіп жүрген, көп балалы отбасының оқушыларына, атап айтқанда 452 оқушыға «Ақтерек» сауықтыру лагеріне, 50 оқушыға Нұр-Сұлтан қаласына туристік саяхатқа, 100 балаға «Жаңақорған» ауданы «Талдысу» лагеріне жолдама тапсырды.

Сонымен қатар, «Жылдың үздік ұландары» білім, өнер, спорт бағыттары бойынша республикалық жетістікті бағындарған 3 балаға Балдәурен лагеріне Бурабайға 15 күндік жолдама, 9 балаға смартфон, Көп балалы отбасылардан шыққан 56 балаға велосипед сыйға берілді.

Мерекелік шара соңында талантты бүлдіршінденіміз халыққа өз өнерлерін тарту етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: