Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өткізілді. Фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева төрағалық еткен отырыстың күн тәртібіне 3 мәселе қойылды. Сонымен қатар, аталған жиынға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.
Күн тәртібіне қойылған Жалағаш ауданы бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жұмыстарының жайы туралы «Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ патолог инженері Жортекеева Меруерт хабарлама жасады.
Ауданда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жоқ. Дегенмен, сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар «қарақұйрық» пен «ақбөкендерді» қорғау мақсатында мекемеде арнайы 4-мобильді топ құрылған және аудандық ішкі істер бөлімі, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлескен рейдтер ұйымдастырылады.
«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізудің іс-шара жоспарына сәйкес аудан көлеміндегі су айдындары мен көлдерге тазалық жұмыстарын жүргізумен қатар, аудан көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарының құтқару жұмыстары жүргізілді.
.Ауылшаруашылық обьектілері мен су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және кобею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс шаралар бойынша ауданда барлығы 25 көл бар. Бір көл резервте тұр. 2023 жылдың мамыр, маусым айларында «Уылдырық-2023» акциясы жүргізілді. Күз мезгілінде қыркүйек, қазан айларында «Шабақ құтқару акциясы» ұйымдастырылуда – деді Меруерт Жортекеева.
2022 жылы «AMANAT» партиясы атынан Жаңаталап ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде ұсынылған Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Қуаныш Әбдіқалықов сайлауалды бағдарламаның орындалуы тұрғысында хабарлама жасады.
2022-2025 жылдарға арналған ауылдық көшелерді жарық шамдармен толық қамтамасыз етуге байланысты П.Қарақұлұлы, Ә.Қожабаев, Д.Бекбергенов көшелеріне жарық шамдар орнатылды. Ендігі кезекте көшеден тыс үйлер арасына, қуыс жолдарға 2024 жылға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 1 шақырым жарық шам жүргізу жоспарда. Денсаулық сақтау саласы бойынша фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратына 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сайлауалды бағдарламада қамтылған ойын алаңын салу жоспары «Ер-Әлі» ШҚ төрағасы Бекжанов Әлібидің демеушілігімен іске асты – деді ауыл әкім Қуаныш Әбдіқалықов.
Сонымен қатар, ауыл әкімі депутаттық фракция мүшелеріне ауылдағы су мұнарасын жаңарту, ауылдық клуб саласын мәселесін көтеріп, тиісті қаржы бөлдіруге ұсыныс берулерін сұрады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, қолдау мақсатында фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева және фракция жетекшісінің орынбасары Қуат Ахетов өз пікірлерімен бөлісті.
#AMANAT
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!