Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Жұма, 15 мамыр, 16:59

Дүниежүзілік банк Орта дәлізге 7,6 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр

15.05.2026

4

0

TRACECA Үкіметаралық комиссиясының 18-отырысында Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша инфрақұрылым жөніндегі жетекші маманы Винни Ван Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісті, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оның айтуынша, қазіргі жаһандық жағдайда автоматтандырылған әрі тұрақты көлік дәлізін қалыптастырудың маңызы артып отыр.

– Барлық министр мен өкілдер көлік дәлізін экономикалық дәлізге айналдырудың маңызын атап өтті. Бұл дәліз бойындағы елдердің экономикалық өсімін қолдауға мүмкіндік береді, – деді Винни Ван.

Ол Дүниежүзілік банк тобы Транскаспий көлік дәлізін дамыту үшін кешенді тәсіл қолданатынын айтты.

– Біз тек инфрақұрылымдық инвестициялармен шектелмейміз. Сонымен қатар автомобиль және теміржол саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау, операциялық тиімділікті арттыру және өңірлік үйлестіру бағытында жұмыс істеп жатырмыз, – деді сарапшы.

Винни Ванның мәліметінше, алдағы бес жылда Дүниежүзілік банк тобы Орта дәліз жобаларына тағы 7,6 млрд доллар инвестиция салуды көздеп отыр.

– Қазірдің өзінде бірнеше миллиард доллар инвестицияланған. Келесі бес жылда тағы 7,6 млрд доллар көлеміндегі инвестиция қарастырылып отыр. Сонымен бірге қосымша 13,4 млрд доллар тарту жоспарланған, – деді ол.

Спикер Дүниежүзілік банк Орта дәліз бойынша жаңа стратегиялық есеп әзірлеп жатқанын да жеткізді.

– Жаңа есепте сауда ағындары, инфрақұрылымдық олқылықтар, қаржыландыру қажеттілігі, институционалдық реформалар мен климаттық тұрақтылық мәселелері қамтылады, – деп қорытындылады Винни Ван.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: