Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 15:41

ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

02.11.2023

425

0

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Досымов Қайрат Алмасұлы Жалағаш кенті, Дәуімбай елдімекеніндегі «Жалағашсушар» өндірістік учаскесі мекемесінің ғимаратында тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар аталған елдімекендегі күріш ақтау зоводының орналасқан жеріне байланысты пікірлерін білдірсе, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір мәселелесін көтеріп, уақытында аяқтау бойынша ұсыныстарын білдірді.

Жауын-шашын күндері елдімекенде жарық болмай жатады. Елдімекен бойынша бірқатар тозығы жеткен бағаналар бар, оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осы мәселе бойынша тиісті атқарушы органдарға депутаттық сауал жолдауды, орындалуы бойынша тиісті шаралар қолдануды сұраймын – деді елдімекен тұрғыны.

Тұрғындар мәселесін жеке-жеке тыңдаған фракция мүшесі Қайрат Алмасұлы тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін сонымен қатар, депутаттық сауалдар жолданатындығын айтып өтті.
AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: