Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

34°C

, Жұма, 12 маусым, 16:37

Эхинококкоз -ауыр да қатерлі паразитарлық ауру!

12.06.2026

3

0

Ауруды таратушы– иттер.

Жұғу жолдары-уақ және ірі қара малдары: қойларды, ешкілерді, сиырларды сою барысында эхинококкозбен зақымданған ағзалар жойылмай, күл-қоқысқа, жерге тасталып иесіз иттердің қорегі болады.

Таралу жолдары: зақымданған ағзаларды жеген иттер нәжісімен эхинококкоз ауруының жұмыртқаларын жүрген жерінің барлығына -айналаға, су қоймасына, жайылым мен бақшаларға таратады. Итпен, малмен қарым-қатынаста болған адамдар  жеке бас тазалығын сақтамағанда эхинококкоз ауруын жұқтырады. Эхинококкоз ауруы тек операция жасау арқылы ғана емделеді және эхинококкоз ісіктері адам өміріне қажетті ағзаларда орналаса отырып, адам өміріне қауіп тудырады.

Итті байлап ұстаңыздар, итпен, малмен қарым-қатынастан кейін жеке бас тазалығын сақтаңыздар!

                                                               ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»

                                                               ШЖҚ РМК ҚОБФ Жалағаш аудандық бөлімшесінің

                                                               Бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер

                                                               зертханасының лаборанты    Меңлібаева А.О                   

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: