Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 09:13

КӨЗ ҚЫСТЫ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ОРЫН ЖОҚ 

18.09.2024

239

0

Сыбайлас жемқорлық – мемлекет қазынасына заңсыз қол сұғу немесе қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, жеке тұлғадан пара алып, ашықтан-ашық халықты қанау. Сыбайлас жемқорлық – қылмыс. Ал, қылмыстың өтеуі – жаза.

Мемлекет тәртіпті қатайтып, талапты күшейткенімен құлқынның құлына айналған тоғышар тобырлардың жең ұшынан жалғасып, мемлекет қаржысын қымқыру әрекеті тиылмай отыр. Жемқорлықтың жолын кесіп, түп тамырымен жұлып тастау үшін не істеу керек? Қазірде біздің қоғамды толғандырып отырған мәселе осы! Және бұл қоғамдық «кеселді» тек билік өкілдері мен құзырлы орындар ғана емес, халық болып қарсы тұрғанда ғана жеңеміз. Ол үшін әр адам өзінің ішкі мәдениетін қалыптастыруы керек. Бүгінгі мектеп оқушысы – ертеңгі мемлекеттік қызметші. Сондықтан біз жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді отбасынан, мектеп қабырғасынан бастауға тиіспіз және ол жүйеленуі керек. Отбасынан, мектеп қабырғасынан бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіріп, адами тұлғасы толық айшықталған балада орнықты мінез-құлық, парасатты болмыс, пайымды ой қалыптасады. Ал, отанын сүйіп, елін-жерін құрметтейтін ұрпақ мемлекет қазынасын тонамақ тұрмақ, шаңның тозаңындай да залал келтірмейді. Яғни, елін сүйетін адамда ынсап, қанағат болады.

Қорыта айтсақ, «Жаңа Қазақстанда» сыбайлас жемқорлықтың сипаты мүлдем болмауы керек. Мемлекет басшысының Жолдауындағы жүзеге асуы тиіс міндеттердің барлығы демократиялық жолмен дамып, өркениетке қарай бағыт бұрған елімізде бұқара халықтың құқықтық сауаттанып, рухани кемелденуге бастайды. Ал, ондай елде көз қысты, бармақ бастылық орын алмайтыны белгілі. Бізді алға жетелейтін сенім күші де осында. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.

К.КАИПБАЕВА,

Аудандық «Қазынашылық» басқармасының бас маман-бас қазынышысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: