Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 21:13

Мемлекет басшысы АӨСШК міндетін атады

13.10.2022

343

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан АӨСШК VI саммитінде «жаһандық дисфункция» жағдайында халықаралық қатынастарды нығайту маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бәрімізді бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Бірақ біздің жасампаз күш-жігерімізге қарамастан, әлем қауіпсіз бола бермейді. Бүгін біз бұрын-соңды болмаған геосаяси дауыл мен әлемдік экономиканың өсіп келе жатқан дағдарысы жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Бұл құбылыс қазірдің өзінде «жаһандық дисфункция» деп аталды. 2019 жылы АӨСШК-нің алдыңғы саммиті өткізілгеннен бері әлемдік қоғамдастық ауыр сынақтардан өтті, оның теріс салдары жаһандық дамуға әсер етті», деді Президент.

Бұдан соң, Мемлекет басшысы АӨСШК міндетін атап өтті.

«Менің ойымша, біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет – бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлер жағдайында халықаралық қатынастарда тұрақтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерге жаңа серпін беру және ашық диалогқа оралу өте маңызды. Ең алдымен, біз Азия континентінің халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі маңызын нығайту мақсатында әлемнің жаңа күн тәртібін қалыптастыруға күш салуымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, Азия адамзат өркениетінің дамуына үлкен үлес қосты», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: