Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 00:26

Мемлекеттік қызметші халық айнасы

20.06.2024

352

0

Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Олай дейтініміз ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі мен оның жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Сол үшінде мемлекеттік қызметкер – билік пен қарапайым халық арасындағы дәнекер.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің атынан жұмысын атқарғандықтан мемлекет мүддесін қорғайтын қызметкердің өзін-өзі ұстауы мен адамдармен қарым-қатынасы және шеберлігі маңызды. Себебі қызметкердің осындай мінез-құлықтарына қарап қарапайым халықтың да мемлекеттік қызметке сенімдері нығая түседі. Сондай-ақ бір мемлекеттік қызметшінің оғаш ісі бүкіл бір құрылымның беделіне нұқсан келтіріп, сеніміне кірбің түсіруі мүмкін. Осыған орай, бүгінде мемлекеттік құрылымдарға жұмыс істеуге үмітті жандарға талап қатал.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығыменмемлекеттік қызметкерлердің еңбегі еленіп, 23-маусым Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілген болатын.

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білу үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.

Қазіргі  таңда елімізде мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  сапасын  арттыруға  айырықша   назар аударылып, көңіл бөлінуде. Сондықтан әрбір  мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті  мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.

Мұхит Алиякбаров

Бас маман аға сот приставы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: