Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Жұма, 06 желтоқсан, 18:24

Мемлекеттік рәміздер –
елдігіміздің жарқын көрінісі

19.11.2023

355

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылуының жай-күйіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы негізінде тиісті тапсырмалар берілді.

– Мемлекеттік рәміздер – біздің елдігіміздің бейнесі, мәдениетіміз, тари­хымыз бен менталитетіміздің көркем туын­дысы. Еліміздегі азаматтардың Мем­­лекеттік рәміздерге деген құрметі олар­дың өз Отанын қаншалықты сүйе­тінін және жарқын болашаққа деген сенімінің, адамгершіліктің биігі мен отан­сүйгіштік қасиетінің көрсеткіші деуге болады. Сондықтан әрбір азамат мем­ле­кеттік рәміздерге құрметпен қарауға міндетті, – деді Ардақ Әбдіғаппарұлы.
Комиссия отырысында меншік ныса­нына қарамастан ауданда орналасқан барлық мекеме басшыларына мемле­кеттік рәміздердің талапқа сай орна­ла­суын тұрақты бақылау және мемле­кеттік рәміздерді пайдалану кезінде кем­шіліктерге жол беріп, кейбір заңнама талап­тарын бұзған мекемелерде анық­талған кемшіліктерді қалпына келтір­ген­дігі жөніндегі есептерді ұсыну тапсырылды.
Аудандық білім бөлімі бойынша және оған қарасты мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуы мен насихатталуы бойынша атқарылған жұмыстар да комиссия отырысының күн тәртібіне арқау болды. Бұған қа­тыс­ты аудан әкімі жауапты бөлім бас­шы­сына бірқатар тапсырма жүктеді. Яғни Талғат Құрақбайұлына мемлекет­тік рәміздердің стандартқа сай қол­­данылуы мен кемшіліктерге жол бермеу бағытында атқарылып жатқан жұ­мыс­тарды күшейту қажеттігі ескертілді.

Мұнан кейін Аққұм және Таң ауыл­дық округтеріндегі мемлекеттік рәміз­дердің қолданылуы мен насихатталуы бойынша хабарлама негізге алынып, барлық ауыл әкімдеріне мемлекеттік рә­міздердің жай-күйіне мән беріп, жауап­кершілікпен қарау жүктелді.
Жиында аудандағы мемлекеттік ме­кемелерге, кәсіпорындарға, дербес бөлім басшы­ларына, кент және ауыл­дық округ әкім­деріне мемлекеттік рәміз­дердің бе­кі­тілген Ұлттық стандарттарға және ҚР басқа да нормативтік-құқықтық ак­ті­леріне сәйкес пайдаланылуын, қол­да­нылуы мен орналастырылуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді. Аудандық қоғамдық даму бөлімі, аудандық полиция бөлімі және Жалағаш ау­даны бойынша білім бөлімі «Жалағаш жаршысы» газетімен бірлесіп, тоқсан сайын аудандық жұмысшы топ жұ­мысын ұйымдастырып, мемлекеттік рә­міз­дердің насихатталуы және қол­да­нылуының жай-күйіне зерделеу жұмыс­тарын жүргізу тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: