Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сенбі, 02 қараша, 14:39

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

10.11.2023

277

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, ардагер құрылысшы Шадаев Әбдіғани, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бақыт Абдрева, аудандық аурухана бас дәрігердің орынбасары Карипова Лаззат Мырзабай ахун және Аламесек ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.


Мониторинг жұмыстары барысында аталған ауылдағы дәрігерлік амбулатория құрылысында жылулық қазандықтары құрылуда, ішкі жұмыстары жүріп жатыр, сонымен қатар жергілікті жердің тұрғындары құрылыс жұмыстарына тартылған. Қазіргі күні дәрігерлік амбулатория жұмыстарының 80 пайызға жуығы атқарылған.


Мырзабай ахун және Аламесек ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылып, партиялық бекет орналастырылған. Денсаулық сақтау нысандары партия бақылауында болатын болады.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: