Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 21:59

Облыс әкімі мектеп басшыларының жауапкершілігін қатаң түрде қарауды тапсырды

29.01.2024

322

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстағы білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген мәжілісте ҰБТ тапсыруға сапалы дайындықтың ерекше маңызын, бұл бағытта жүйелі жұмыс қажет екенін баса айтты.

«Білім сапасының басты көрсеткіштерінің бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу. Соңғы жылдары білім сапасын арттыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жетті. ҰБТ-ның орташа көрсеткішінің және қатысушылар санының жыл сайынғы өсімі байқалуда. Дегенмен, 2023 жылғы тестілеу қорытындысына қарасақ, оған қатысуы мен орташа балл көрсеткіші төмен мектептер бар.

Мысалы, Қызылорда қаласындағы №267 мектепте 8 бітіруші түлектің 8-і де, яғни 100 %-ы тестілеуге қатысқан, орта балл – 61,6. Арал ауданындағы №60 мектепте бітіруші саны – 7, тестке қатысқаны – 4 немесе 57,1 %, орташа балл – 64,2. Жаңақорған ауданындағы №224 мектепте бітіруші – 13, ҰБТ-ға қатысқаны – 10 немесе 77 %, орташа балл – 63,8. Қазалы ауданындағы №134 мектепте бітіруші саны – 4, барлығы қатысқан, орташа балл – 60. Аталған мектептердің көрсеткішіне қатысты жан-жақты талдау жасап, мектеп басшыларының жауапкершілігін қатаң түрде қарауды тапсырамын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша 2021 жылы бітірушілер саны – 7 004, ҰБТ-ға қатысушы – 5 730 (82 %), орташа балл – 82,5, 2022 жылы бітірушілер саны – 7 506, қатысушы – 6 308 (84 %), орташа балл – 85, 2023 жылы бітірушілер саны – 8 051, қатысушы – 7 219 (89,6 %), орташа балл – 87.

Облыс әкімі өткен жылғы межеден төмен түспеу үшін білім басқармасына биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Арал ауданының тұрғындарынан тестілеу пунктін ашуға қатысты көптеген ұсыныс түскенін айтып, қажет болған жағдайда Ғылым және жоғары білім министрлігімен мәселенің шешімін қарастыру міндеттелді.

«Мектеп бітіруші түлектердің әрі қарай өмірде өз жолын тауып, жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсіп, маман болып шығуы аса маңызды. Орта есеппен бір грантты 800 мың теңге деп алсақ, 2023 жылы 4 973 бала мемлекеттік грант иеленген, яғни, осы балалардың отбасына 3 млрд. 978 млн. 400 мың теңге инвестиция келген. Бұл дегеніміз – тұрғындар үшін айтарлықтай жеңілдік», – деді аймақ басшысы.

417486419_684405977213983_8582316006304406217_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: