Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жұма, 03 мамыр, 04:43

Президент су тасқынынан зардап шеккен облыс әкімдерінің есебін тыңдады

08.04.2024

237

0

Қарғын судан зардап шеккен облыстардың әкімдері Президентке қазіргі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою мақсатында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.

Айта кетейік, Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген еді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: