2023жылы 1қазаннан бастап Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) «Қандас мәртебесін беру» бойынша өтініштерді қабылдамайды
Ендігі кезекте Қандас мәртебесін беру бойынша «Құтты мекен» атты мобильді қосымша немесе ҚР шетелдегі мекемелері арқылы алуға болады. Ол үшін:
-өтініш;
-еркін нысандағы өмірбаян;
-өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және нотариалды куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы;
-жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар болуы керек.
Өтінішті жергілікті әкімдігі жанындағы құрылған комиссия қарастырады. Комиссия келесі шарттарды ескере отырып, қандас мәртебесін беру немесе бас тарту туралы шешім шығарады.
1.ҚР Үкіметімен белгіленген өңірлерге қоныстандыру үшін;
2.Демографиялық дамуға қажеттілігі бар ауылдық елді мекендерде, аудандық және облыстық қалаларда қоныстандыру үшін;
3.ҚР азаматтары болып табылатын өтініш берушінің отбасымен немесе жақын туыстарымен қауышу үшін;
4.Жұмыс берушінің шақыруы бойынша;
Қандас мәртебесін қарастыру мерзімі 35жұмыс күн.
Қандас мәртебесін ұзарту Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация немесе Жұмыспен қамту әлеуметтік басқармасына өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
Қандас мәртебесін қалай алуға және ұзартуға болады?
17.11.2023
457
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!