Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жұма, 19 сәуiр, 21:05

Қазақстанда Тұңғыш Президент күнінің мәртебесі өзгереді

19.10.2022

244

0

Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізетін Үкімет қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ретте, мереке күндерінің тізбесі жаңа тармақпен толықтырылады:

44-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

Енді бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және жоғары әлеуметтік маңызы бар өзге де күндер сияқты атап өтіледі. Жаңа қаулыға сәйкес, бұл күн демалыс болып есептелмейді.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болған.

Құжат 3 қарашаға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қайтаруды көздейтін заңға қол қойды. Сонымен қатар 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: