Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 21:16

Қазақстандықтар өз атынан кредит алуға тыйым сала алады – заң сенатқа жолданды

01.11.2023

546

0

Қазақстандықтар өз атына кредит рәсімдеуге тыйым сала алады. Парламент мәжілісі тиісті түзетулер енгізілген заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мұндай түзету мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы заң жобасында көзделген.

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, заң жобасында азаматтарға банк кредиттері мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын беру нормасы бар.

«Тыйым салуды «электронды үкіметтің» жеке кабинетінде белгілеуге болады. Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алуын болдырмауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ құжатта Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі енгізілді. Бақылаушы орган цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті болады.

Бұдан бөлек, дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторлары бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғанын хабарлауға міндеттеледі.

«Азаматтар өзінің дербес деректерімен жасалған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біледі», – деді депутат.

Мәжіліс екінші оқылымда заңды қабылдап, сенаттың қарауына жолдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: