Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:13

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

01.10.2023

206

0

Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Мереке қарсаңында Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов қазыналы қарияларымыздың шаңырақтарына барып мерейлі мерекемен құттықтады.

Аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Алиев және аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов болды.

Кездесу барысында Асқарбек Темірбекұлы ардагерлеріміздің жүріп өткен жолы – елдік пен ерлік жолы екенін айтты. Ардагер әкелеріміз бен аналарымыздың әділдікті, елдікті, ақиқатты ту етіп жүріп өткен осынау жолы жас ұрпақты әрқашан ерлікке, Отанды сүюге бастайтынын жеткізді. Осы тұрғыдан алғанда ардагерлеріміздің елдің кемел келешегі үшін еткен жасампаз еңбектері мәңгі жасайтынын сөзге тиек етті.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудандық ардагерлер ұйымы 4 мыңға жуық зейнеткер ардагерлерімізді 79 ұйымға басын біріктіріп отыр. Олардың 2247-і ауыл округтерінде болса, 1575-і аудан орталығында есепте тұрады. Ардагерлер ұйымының жұмысына аудандық ардагерлер кеңесі басшылық жасайды. Бұл аудандық ардагерлер кеңесін 2009 жылдан бастап білікті басшы, ауданның құрметті азаматы Садық Алиев басқарып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: