Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 22 маусым, 15:42

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Азияның үздік университеттері қатарында

09.11.2023

369

0

  «QS Asia University Rankings – 2024» рейтингінің нәтижесі бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ТОП-601-650 Азияның үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді. Рейтингті Quacquarelli Symonds (QS) британдық компаниясы өткізді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі. 

2024 жылғы Asia Rankings осы кезге дейін өткен рейтнигтердің ішіндегі ең ауқымдысы болып саналады. Оған 25 елдің 857 университет енді. Атап айтсақ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг АӘА, Сингапур, Пәкістан, Иран, Үндістан, Малайзия, Вьетнам, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан және т. б. елдердің ЖОО-лары бар.

Рейтинг нәтижесі бойынша Азиядағы ең үздік 100 университет қатарына еліміздің екі университеті кіріп, Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші жоғары білім беру жүйесіне айналды. Сонымен қатар, Қазақстан – Орталық Азияның басқа елдері арасында университеті ең көп ұсынылған ел. Рейтингке еліміз бойынша 34 ЖОО енді.

Биыл рейтингте университеттердің академиялық беделі, жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғылыми педагогикалық құрам мен студенттердің арақатынасы, бір қызметкерге шаққандағы жарияланымдар саны, халықаралық ғылыми байланыстар, университеттің интернеттегі әсері, PhD дәрежесі бар қызметкерлердің үлесі, бір мақаладағы дәйексөздер саны, шетелдік қызметкерлер және шетелдік студенттер үлесі негізгі көрсеткіш болып саналды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Asia Rankings әлемдік рейтингіне енуі қазақстандық жоғары оқу орындары арасында да, әлемдік білім беру кеңістігінде де университеттің бәсекеге қабілеттілігі мен имиджін нығайтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: