Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өтетін аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Басқосуда Жалағаш ауданының полиция бөлімімен 2023 жылдың 10 айында құқық бұзушылық пен қылмыстылық жағдайы және оның алдын алу шаралары туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселеге байланысты бірқатар тапсырма берілді. Аудандық полиция бөліміне құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейтіп, өсім алып отырған қылмыстарға аса көңіл бөліп, оларды саралау арқылы нақты әрі заңға сәйкес шешімдер қабылдауды тапсырды.Сонымен қатар кафелер мен мейрамханалар орналасқан жерлерде жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелерімен бірлескен рейд ұйымдастыру, өндірістегі қылмыстық істермен жан-жақты, толық және объективті тергеп-тексеру жүргізілуіне үнемі ведомстволық бақылау жүргізу қажеттігін жеткізді.
Кент, ауылдық округ әкімдері дүкендер мен сауда орындарында және кәсіпкерлік мақсаттағы барлық объектіде бейнебақылау камераларын, темір есіктер мен темірторлы терезелер салынуын, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Аудандық полиция бөлімі, аудандық мәдениет және спорт бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, пробация қызметіндегі тұлғалардың қоғамға бейімделуіне, заң талаптарын сақтауға, еңбекке және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен айналысуға, білім деңгейі мен мәдени деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау жүктелді. Ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық полиция бөлімі, аудандық пробация қызметі, кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтар тізіміндегі қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарды анықтап, оларды еңбекке баулу мен тұрмыстық орналасу және әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз етуді тиімді түрде жүзеге асыру қажеттігін айтты. Комиссия отырысында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру бұдан былай аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетовке жүктелді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!