Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Сейсенбі, 21 мамыр, 08:47

Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

09.04.2024

501

0

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары 18-19 сәуірде өтеді.

Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Дастан Дюшекеев екі ел басшылары Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысын өткізетінін айтты. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Садыр Жапаров Қазақстандағы Қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да мәдени іс-шараларға қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, оған және қырғыз халқына су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: