Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 00:27

Референдум: Дауыс беруші азаматтарға шақыру қағаздары мен смс хабарламалар таратылуда

27.09.2024

372

0

Республикалық референдумның өтуіне 9 күн қалды. Қызылорда облысы бойынша азаматтар үшін 380 референдум учаскесі қызмет жасайды. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-ы аудандарда орналасқан.

Дауыс беру күні референдум учаскелері таңғы сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс берудің құпиялылығын сақтау мақсатында қала және аудандардағы барлық учаскелер арнайы перделер (ширмамен) қамтамасыз етіледі.

Жергілікті әкімдіктер ұсынған тізімге сәйкес, Қызылорда облысы бойынша 492 381 азамат дауыс беруге құқылы.

Тұрғындарға референдум өткізетін күн мен орны туралы көрсетілген шақыру қағаздары таратылуда. Комиссия мүшелері дауыс беруші азаматтардың тізіміне орай шақыру қағаздарын таратуда.

Сондай-ақ, дауыс беру күніне дейін бірнеше абоненттер арқылы дауыс беруші азаматтарға смс хабарламалар жеткізу басталды.

Бүгінгі күнге дейін облыста 26 азамат есептен шығару куәлігін алды. Комиссия мүшелері есептен шығару куәлігін 5 қазан сағат 18.00-ге дейін береді.

Еске салайық, азаматтар өз учаскесін https://referendum.orda.gov.kz/kk сайты арқылы білуде. Бұл қызмет телеграм платформасында да қолжетімді. 109 бірыңғай байланыс орталығы да тұрғындар сауалына жауап береді.

Дауыс беру күні Қызылорда қаласында 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады.

Мұнан бөлек, egov порталында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисін орнату үшін 169 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: