Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 02:00

Сот алдында бәрі тең

16.09.2024

255

0

        Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

       Бас құжатта сот пен судьялардың жұмысын реттеп, жүйелеудің тетігі жасалған. Сол арқылы азаматтарды мінсіз қорғау, қауіпсіздігін сақтау, мүддесін таптатпау мақсаты көзделген. Мәселен Конституцияның 14-бабының бір тармағында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» екені белгіленген. Бұл халықтың өзіне деген сенімін арттырып, құқығын мемлекет қорғайтынын нақтылайды. Сонымен бірге, осы баптың екінші тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп шегеленіп көрсетілді. Бұл да өркениетті, құқықтық мемлекетте адам құқығының басты назарда екенін дәлелдейді.
Ата заңымызда соттар мен сот төрелігінің жұмысы VII бөлімге жинақталған. Мұндағы 75-бап «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратынын» нақтылайды. 77-бап арқылы мемлекеттегі сот төрелігінің маңызы мен мәні белгіленген. Онда көрсетілгендей «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады», бұған қоса осы баптың екінші тармағы «Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейтінін» заңдық тұрғыдан бекіткен.

      Мұндай талап не үшін керек? Ең алдымен сот – сөйлейтін заң. Даудың ақ-қарасын ажыратып, тура төрелік ету тапсырылған судья өзінің әділ шешімі арқылы халықтың сотқа ғана емес, мемлекетке деген сенімін қалыптастыруы міндет. Тәуелсіздік алған кезден бері сот саласы осы бағытта жұмыс жүргізіп
келеді. Азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғап, елде заң үстемдігін орнату үшін отандық сотта түрлі реформалар қолға алынды. Алқабилер сотының енгізілуі, «Медиация туралы» заңның қабылдануы, мамандандырылған соттардың пайда болуы, судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың күшейтілуі, жария-құқықтық дауларды сапалы шешу үшін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылдануы сот жүйесіндегі соны жаңашыдықтар. Бұл бастамалардың барлығы саланы жаңа биікке көтерді, жұмысын жандандырды, халықтың сот қызметіне деген сенімін нығайтты.

Жалағаш аудандық сотының 

қызметкері Г.Байкенжеева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: