Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 12:24

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРГЕ КҮРЕСЕЙІК

19.09.2023

527

0

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

 2015 жылы 14 сәуірде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» №1550 Жарлықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылы 18-қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

       Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою, кінәлілерді жауапқа тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келіп жатады.

Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар бірауыздан жүргізулері тиіс.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық азаматтары сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғам болып белсенділік танытып, азаматтық борышым деп қарау керек.

                                                                                     

  Алибаева Асель

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ

Жалағаш ауданы бөлімінің жетекші маманы

                                                                                      

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: