Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 17:15

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

27.06.2023

313

0

         Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендетіп қана қоймай, қоғамда демократиялық қайта құруды жүзеге асыруды төжейтіні белгілі. Сондай-ақ елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні тағы бар.

        Сыбайлас жемқорлықпен күрес – елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселе. Себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкер тарапынан көрініс табуы мемелекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке қарай жең ұшынан жалғасқан «көз қысты, бармақ басты» әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіреді. Жеке және заңды тұлғаның бұзылған құқығы мен заңды мүддесі қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардабын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу – жалпы ортақ міндет.

      Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қарапайым халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.    

Қ.Серік,

Жалағаш ауданы № 11 өрт сөндіру                                                                 

бөлімінің қарауыл бастығы

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: