Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 08:24

Төтенше жағдайдың алдын алу шаралары қаралды

27.09.2024

498

0

Аудан әкімі А.Ибраимовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында аудан аумағындағы өртке қарсы су көздерінің жай-күйі, жылу беру маусымына әзірлік және төтенше жағдайлардың алдын алу, эхинококкоз және құтыру ауруларының таралуын болдырмау шаралары жөнінде мәселелер қаралды.

«Осыған дейінгі мәжілістерде аудан бойынша алдағы жылу беру маусымын тұрақты өткізіп, ешқандай оқыс оқиғалар мен апатты жағдайларға орын алдырмау туралы тапсырмалар берілген болатын. Әлеуметтік нысандардың алдағы жылу маусымына дайын болуы өте маңызды. Жылу маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Осы уақытты тиімді пайдаланып жылу беру маусымына дайындық жұмыстарымен қатар тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі және көмірқышқыл газынан улану жағдайларының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар сапалы жүргізілуі қажет. Қатаң ескертемін, алдағы жылу беру маусымы еш кедергісіз басталуы тиіс. Жылу беру маусымында оқыс оқиғаларды болдырмау бағытында пәрменді шаралар қабылдануы тиіс», – деді аудан әкімі А.Ибраимов.

Күн тәртібіне сәйкес маңызды міндеттерді сапалы орындауды ескерткен аудан әкімі А.Ибраимов, сала басшыларына төтенше жағдайдың алдын алу шараларын қабылдау мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Нысан меншігіне қарамастан аудандағы барлық деңгейдегі мекемелерге төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларын уақытылы, сапалы орындау қажеттігін жеткізді.

Комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру тиісті салаларға жауап беретін аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: