Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 10 мамыр, 19:07

ҰЛТТЫҚ ТІЛІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

29.06.2023

230

0

Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті әрі құдыретті. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуыкерек. Айналаңдағы адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға дегенерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуденбасталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.

Кез-келген халықтың ғасырлар бойы қордаланған мәдениетінің асқар шыңы – сол халықтың тілі екені баршамызға мәлім. Ана тіліміз – біздің ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі-қазақ тілі.  Ол – ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тіліміз –  әкеміздің қанымен, анамыздың бесік тербеп салған әнімен бойымызға сіңген, туған халқымыздың небір асыл жәдігерлерін заманымызға жеткізген қастерлі тіл. Ана тіліміз  – ұлтымыздың жан дүниесі. Сондықтан да еліміздің көзі ашық, көкірегі ояу азамат ана тілімізді теңдесі жоқ ұлтымыздың алтын қазынасы деп бағалап, қастерлеп, сол қазынаның болашақ ұрпақ сусындайтын рухани бұлағының сарқылмас көзіне айналуын армандайды.

Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев өз сөзінде: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” – деген. Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

Біз қазақ деген ұлы халықпыз, тіліміз де, дініміз де тек қана өзімізге тән. Еліміздің іргесін шайқалтпай, босағасын берік ұстап тұрған осы біздің тіліміз бен ұлттық салт-дәстүріміз. Менің ойымша, әрбір патриот жан елі, жері, тілі, ұлты үшін тер төксе, адал болып, құрметтесе, біздің елдігіміз баянды болмақ. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпұлтты мемлекеттерде ұлттық бірлікті сақтаудың өте маңызды екенін айтқан болатын: «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, сіз де осыны естен шығармаңыз, қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға, бірақ басқа тілдерді кемсітпеуге және зиян келтірмеуге шаралар қолдануыңыз керек. Бұл басқа тілдерде сөйлейтін адамдар мен азаматтарға да қатысты айтылған».

С.Калменова

Жалагаш ауданы Пб кадр саясаты тобының инспекторы полиция капитаны

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: