Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:22

Urker ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары анықталды

23.09.2023

252

0

Astana Media Week – 2023 аясында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы Urker 2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

Urker-2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты:
Лэйла Тастанова – Time.kz

Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова – Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:
Амангүл Тілейқызы – El.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
Анна Величко – Golos-naroda.kz

Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Меруерт Сарсенова – Kapital.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Nege.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:
Orda FM – Zhas STAR бағдарламасы

Жылдың үздік фотосуреті:
Валерий Бугаев

Үздік өңірлік БАҚ:
«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):
«Қазақ елі» журналы (Түркия)

Үздік подкаст:
OY-DETOX – Әйнел Әмірхан

Үздік YouTube-канал:
Абай Сейфоллаұлы – Abay Live

«Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай арнайы жүлде:
«Ана тілі» газеті

Әр номинацияның үздік өкіліне естелік мүсінше және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталды.

Айта кетейік, Urker сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: