Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:00

Жалағашта төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

08.10.2022

373

0

Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. 

Комиссия отырысында 3 мәселе қаралды. Аудан көлемінде аса қауіпті жұқпалы құтырма және эхинококкоз, дерматомикоз ауруларының алдын – алу, сақтандыру, залалсыздандыру шаралары, аудан көлеміндегі жедел ішек инфекциялары мен топтасқан тағамнан улану ауруларының індеттік маусымында аурушаңдық деңгейін тұрақтандыру, алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған  жұмыстары туралы Жалағаш аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Оразғали Аханов, төтенше жағдайлар қауіпі туындаған уақытта аудан халқын құлақтандыру мақсатында азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің алгоритм жұмыстары туралы Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерболат Серманов баяндама жасады. 

Асқарбек Темірбекұлы жасалған баяндамалар негізінде Жалағаш аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасына құтырма ауруын алдын алуға байланысты тұрғындарға егу алу жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді. Сонымен қатар кент және ауылдық округ әкімдеріне тұрғындарға иесіз ит, мысықтарды аулау бағытында ветеринария стансасының қызметкерлерімен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, аудандық полиция бөліміне жануарлар тістеуінен жарақат алған тұрғындар анықталған жағдайда жануарлар иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы қадағалану қажеттігі айтылды. 

Сондай аудан әкімі Жалағаш аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасына аудан көлемінде эпидемиологиялық маңызды нысандардың санитарлық гигиеналық жағдайы бақылауға алынуын, аудандық білім бөліміне мектеп, балабақшалардың тамақтанатын орындары санитарлық талаптарға сәйкестендіру қажеттігі және т.б. бірқатар тапсырмалар берді.

жалагаш1.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: