Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Бейсенбі, 28 наурыз, 20:25

Жарқын болашақ жолында
ауызбіршілік таныттық

07.06.2022

446

0

Иә, мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жексенбідегі саяси науқанда мен осындай ой түйдім. Елдің жалпыхалықтық референдумдағы белсенділігінен олардың үлкен өзгерісті қалайтынын айқын аңғара қоясың.

Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Мұны бұл саяси науқанға қатысты қорытынды Үндеуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өтті. Расында референдум жоғары деңгейде өтті. Оған бір ғана Жалағаш ауданындағы саяси науқандағы халықтың белсенділігіне қарап көз жеткізуге болады.


Негізінен жалпыхалықтық референдумның жоғары деңгейде өткенін халықаралық және отандық байқаушылар да мойындап отыр. Бұлай өтетіндей реті бар. Себебі бұған дейін Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру расында Президент айтқандай, демократия талаптарына сай өтті. Қазақстандықтар бұл науқанда жауапкершілік танытты. Біз шынында әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем ел екенімізді көрсеттік.


Енді Президент Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертетінін айтып отыр. Егер бұл іс жүзінде жүзеге асса, сөз жоқ, онда ол тұтас қоғамның дамуына тың серпін бергелі тұр.


Өзім бұл референдумнан үлкен үміт күтемін. Мен де отандастарым секілді үлкен өзгерістің болғанын қалаймын. Кешегі жалпыхалықтық референдумды «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам деп білемін.

Қасымқожа Жұбатыров,
аудан ардагері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: