Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 14:35

Жолдау әділеттілікке деген сенімді нығайтты

08.09.2023

279

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын насихаттау мақсатында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының мәжіліс залында кездесу болып өтті.
Аталған кездесуге «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссияның мүшесі, партия белсендісі Қалдыгүл Дәулет, аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі Гүлсім Каюпова және партия белсендісі Асем Шамитаева қатысты.

Жолдау – Қазақстандықтардың әл-ауқатын, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірін жақсартуға, ел өмірінің барлық саласына айқын міндеттер қойғандайды. Президент Жолдауындағы әрбір тармақ тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға соынмен қатар, ел экономиасын көтеруге бағыттылған. Сондықтан құрметті бүгінгі отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларының жүзеге асуы үшін баршамыз бір болып тер төгуіміз қажет. Сонда ғана еліміздің болашаққа деген нық сенімі орнайтын болады – деді партия ардагері Дәулет Қалдыгүл.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласының өкілдеріне Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, ел игілігі жолында атқарылатын жұмыстарға белсенділік танытуға шақырды.

#AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: