Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс екенін қадап айтты. Басқа аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz
«Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді. Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі», деді ел Президенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!