Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Дүйсенбі, 06 мамыр, 08:35

Адам папилломасы вирусының (АПВ) онкогенді типтерінен туындайтын обыр алды аногенитальді зақымданулардың (жатыр мойнының, вульваның, қынаптың және анус каналының) және жатыр мойны мен анус каналы обырының профилактикасы

24.04.2024

240

0

   

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың компоненттеріне жоғарғы сезімталдылық.

Қауіпсіздік шаралары

Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Вакцины ешбір жағдайда тамыр ішіне немесе тері ішіне енгізуге болмайды. Вакцины тромбоцитопениясы немесе қан ұю жүйесінің бұзылуы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық керек, өйткені бұлшықет ішіне енгізу уақытында қан кетулер туындауы мүмкін.Егер пациент жедел аурумен ауырса, вакцинацияны кейінге қалдыруға болады, бірақ қызбасы немесе жүйелік ауруы жоқ кішігірім аурулары бар науқастарға иммундауды кешіктірудің қажеті жоқ.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Вакцина басқа препараттармен араластырылмауы тиіс.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі емес: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы;Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар: өте жиі: бас ауыруыжиі емес: бас айналу; жиілігі белгісіз:  естен тану жай-күйлері немесе инъекцияға вазовагальді реакциялар, кейде тонустық-клонустық қозғалыстармен қатар жүреді.Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар; жиі: жүрек айну, құсу, диареяны және іштің ауыруы;Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылыстар;  өте жиі: миалгия; жиі: артралгия.

Балаларда қолданылуы

9-14 жас аралығындаңы балалар әрқайсысы 0,5 мл-ден 2 доза, егер вакцинаның екінші дозасы бірінші дозаны енгізгеннен кейін 5 ай өтпей енгізілсе, вакцинаның үшінші дозасын міндетті түрде тағайындау керек. Вакцинаның екінші дозасы бірінші дозадан кейін 5-ші және 13-ші ай арасында енгізіледі немесе 0,5 мл-ден 3 доза, 0, 1, 6 айлар сызбасы бойынша. Қажет болғанда екінші дозасы бірінші дозаны енгізгеннен кейін 1-ші және 2.5 ай арасында, үшінші доза – бірінші дозаны енгізгеннен кейін 5-ші және 12 айлар арасында енгізілуі мүмкін. 9 жасқа дейігі балаларға қарсы көрсетілген. 14 жастан асқан балалардың дозасы ересектердегідей.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: