Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 00:08

Аналар құрмет төрінде

11.07.2024

202

0

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов көп балалы аналарға Қазақстан Республикасының Президентің Жарлығымен «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларын табыстады.Бүгінде ауданымызда 1382 көп балалы отбасылар есепте тұрады. Көпбалалы ана, наградталғандар саны – 1026. Оның ішінде 44 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталса, 40-ы Кеңестер Одағының «Батыр ана» атағына ие болған аналар, 304-і – «Алтын алқа», 638-і «Күміс алқа» иегерлері бар.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы Қа­зақ­стан халқына арнаған Жол­дауларында ана мен бала жағдайына, еліміздегі де­мографиялық ахуалына ерекше көңіл бөледі. Президент жолдаулары аясында 2023 жылғы 1 қаңтардан бас­тап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылса, 2024 жылдың 1 қаң­тарынан бастап айлық есептік көр­сеткіш өсіп, жәрдемақылар көлемі де арттырылды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының бастамасымен «Ұлттық қор – ба­лаларға» атты жаңа бағдарламаға сәй­кес, Ұлттық қордың жыл сайынғы ин­вес­тициялық табысының 50 пайызы ба­лалардың арнаулы жинақтаушы есеп­шотына аударыла бастады.

Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына тол­ғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік беріп, барлық ана­ларға көрсетілген көмегі. Қуанышты сәтке куәгер қонақтар отбасының тү­тінін түзу ұшырып қана қоймай, ел бо­лашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде шексіз еңбегі бар нәзік жандылар қауы­мын наградаларымен құттықтады.
– Әйел тағдыры қай елде де, қай заманда да өзекті мәселелердің бірі. Қазақ халқы қашан да әйел адамды ардақтаған. Әрбір отбасы мем­ле­кет­тің алтын діңгегі десек, ондағы бе­рекелі бірлік, ынтымақты тірлік тек жа­расымды жанұяда көрініс беретін құндылықтар. Сол жарасымды жан­ұяны бір мақсат жолында, бір мүддеге көз тіккен, болашаққа деген арман-тілегі бір арнада тоғысып, келер күнге бірге қадам жасайтын, өмірлік көз­қарастары, адами болмыстары ұқсас, таным-түйсіктері сәйкес келетін, қыс­қасы бірін-бірі толықтырып тұра­тын жандар ғана құрай алады. Барлығы үйлесім тапқан, ері құрметті, әйелі қа­дірлі отбасында ұятты ұл, ибалы қыз тәрбиеленетіні де даусыз. Ұлы есім­ді үлкен жауапкершілікпен арқалап, халық санны көбейтуде, бала тәр­бие­сінде қосып жүрген үлестеріңізге айтар алғысым шексіз. Кеуделеріңізге таққан алтын, күміс алқа құтты болсын. Балаларыңыздың қызығын көріп, ба­қытты, баянды ғұмыр кешіңіздер, – деді аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов.

Жалпы алтын құрсақты аналарға жыл­дың қай мезгілінде құрмет көр­сетсек те артық етпейді. Дүниенің күретамыры, адамзаттың ардақ тұ­тар асылы, бір қолымен бесікті, бір қо­лы­мен әлемді тербеткен аяулы жан, тір­шіліктің бастауы аналар қауымы барлық жақсылыққа лайықты.
Тарихи тұлғалардың ізін жалғар бү­гінгі біздің аналарымыз тек отба­сының ғана ұйытқысы емес, олар бүкіл қоғамды алға сүйрейтін, елдің бірлігін күшейтетін, берекесін молайтатын аса қуатты қозғаушы күш. Ана бар жерде өмір бар, тіршілік бар, мейірім бар. Әр­бір алтын құрсақты ана мемлекеттің ер­теңін тәрбиелеп отырған ардақты жан.

«ЖЖ ақпарат»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: