Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 18:50

Облыс әкімі өз таңдауын жасады

20.11.2022

306

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Президентін кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады. Өңір басшысы облыс орталығындағы Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінде орналасқан #263 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Аталмыш сайлау учаскесі таңғы жетіден бастап өз жұмысын бастаған. Онда барлығы 2883 сайлаушы тіркелген. Олардың 40 пайызға жуығы сағат 11:00-ге дейін өз таңдауын жасап үлгерді.

  • Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Мемлекетіміздің жарқын болашағын айқындайтын бұл күнде әрбір азаматтың дауысы маңызды. Жерлестеріміз ел келешегі үшін бірлік танытып, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін,- деді Н.Нәлібаев.

Бұл сайлау учаскесінде келушілерге арналып барлық жағдай жасалған. Дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін патриотиық әндер қойылып, халыққа әдемі әсер сыйлауда. Ал алғашқы болып дауыс бергендерге естелік сыйлықтар да берілді.

Айта кетейік, аймақта 373 сайлау учаскесі және 482934 сайлаушы бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: