Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 11:53

Көкжөтел

25.04.2024

411

0

Көкжөтел – жедел таралатын өткір бактериялық инфекция, жоғары тыныс алу жолдарының ауруы мен толассыз жөтелмен сипатталады. Ол әсіресе, жас балалар үшін қауіпті. Көкжөтел асқынған жағдайда пневмония, мидың зақымдалуы мен тыныс алудың тоқтауына алып келуі мүмкін.

Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, бірақ ол өте сирек те болса сырқат баланың тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған бала қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін организмде тұрақты иммунитет пайда болады. Аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі 2 – 15 (көбінесе, 5 – 7) күнге дейін созылады. Көкжөтел, әдетте, 6 – 7 аптаға созылады. Алғашқы кезде бала жөтеледі, мұрны бітіп ұйқысы қашады, дене қызуы 38,5 – 39°С-қа дейін көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды. Бірте-бірте жөтелі күшейеді (әсіресе, түнге қарай), 2 – 3 аптада жөтел жиі ұстағанда бала булығып қысылады, қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, тілі аузына симай, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады. Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Бұл кезең 2 аптадан кейде 2 айға созылады. Содан кейін дерттің беті қайтып, тұншықпалы жөтел азая бастайды, бала 2 – 3 апта “жай” жөтеліп жүреді де, бірте-бірте аурудан айығады.

– Науқас алғашқы белгілер пайда болғаннан бастап, 30 күн ішінде айналасына қауіпті. Ересектерде инфекция балалармен салыстыр­ғанда жеңілірек өтеді, сондықтан, аурудың балаға ересек адамнан жұғу ықтималдығы жоғары. 2 жасқа жетпеген балаларда жөтелдің қатты болатындығы сондай, баланың қабырғасы сынып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, қатты жөтелдің кезінде тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін. Бұдан кейін балаға реанимациялық көмек қажет болады.

Көкжөтелдің қандай да бір белгісі байқалса, маман белгілеген емді ғана қолдану керек. Антибиотик көкжөтелдің бұлшық етті құрыстыру кезеңін кысқарта алмайды. Ол мұрын мен жұтқыншақта пайда болатын қоздырғышты ғана жояды. Антибиотиктің өзін дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек.

Бала көкжөтелмен ауырғанда ата-ана нені ескеруі керек? бала көкжөтелден емделіп жүрген кезде:оны таза ауада жиі серуендетіп, үйді үнемі салқындатып отыру керек;

  • жөтелден соң баланың тынысы тоқтап қалса, онда оның басын төмен қаратып, саусақпен аузындағы шырышты алып тастап, одан кейін алақанмен арқасынан қағу керек;

науқас бала салмағын жоғалтпас үшін оның құнарлы тамақтануын қадағалау керек.

Көкжөтелдің таралуы ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты. Жоспарлы вакцинацияны жіберіп алғандар, бас тартқандар көп. Ата-аналар балаларында екпенің бар-жоғына назар аударса деймін. Егер алмаған болса, тіркелген жері бойынша медициналық мекемеге барып екпе салдыртуы керек. Көкжөтелге қарсы екпені баланың 2, 3, 4, 18 айында жасалады, ал ревакцинациясы 6 жасында салынады,

Уақытылы екпе алып, балаларыңызды  көкжөтелден сақтаңыздар

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: