Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:31

103 жастағы ардақты әже сайлауда дауыс берді

20.11.2022

313

0

Жалағашта 103 жастағы кейуана Бибайша Қайырбаева да саяси науқанда өз таңдауын жасап, сенім білдірген үміткеріне дауыс берді.

– Бүгін еліміз үшін саяси науқанға қатысып, немерелерімнің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру азаматық борышымыз деп білемін. Саяси науқанда әрбір сайлаушының дауысы маңызды. Мен де мемлекетімнің болашағы үшін таңдау жасадым, – дейді ардақты әже.

Ақжаулықты әжеміздің иығына шапан жабылып, сый-сыяпат көрсетілді. Расында оның жүзден асқан шағында осындай науқанда төбе көрсетуі қай буынға да үлгі болары сөзсіз.

Бибайша Қайырбаева – тыл ардагері, 4 ұл, 4 қыздың анасы. Немере, шөберелердің ардақты әжесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: