Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 08:53

Есірткісіз өмір ғажайып

03.11.2022

1348

0

  

Біз бейбіт мемлекетте өмір сүреміз. Осыған дейін бабаларымыз біздің тәуелсіз елде өмір сүргенімізді қалап, Отаны үшін, болашақ келешегі үшін жанын пида етті. Соның арқасында бізге таза ауа, салтымыз, дініміз, тарихымыз бізге жетті. Ал қазір біз бейбіт елде өмір сүреміз. Дамыған елміз. Болашақ біздің қолымызда. Соған орай  2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды.

Бірақ бұл қоғамның жартысы «есірткі» тұтынады. Ол бір пайдаланғаннан адамды өзіне тәуелді қылады. Аты да айтып тұрғандай, «есті ауыстырушы». Тіпті есірткі тұтынушылардың жартысы жасөспірімдер. Қазіргі таңда полицейлер, мұғалімдер есірткіның зияны жайлы, оны тұтынбау керектігі жайлы шаралар өтуде. Бірақ оны құлақ аспайтындар да баршылық.

Есірткі біздің бір-ақ рет келетін өмірімізге кедергі келтіреді. Болашағымызға балта шабады. Тіпті ұрпағымызды жояды. Есірткіні көп адамдар  өмірден түңілгенде, қиналғанда пайдаланады. Бойым сергіп қалар деп ойлайды. Бірақ оның барлығы бос әурешілік. Сіз мәселені ойласаңыз, оның жартысы шешіліп қояды. Сол уақытша нәрсе үшін болашағыңызға балта шаппаңыздар. Тіпті көп жаман істер осы есірткінің әсерінен болады. Оны бір тұтынғаннан кейін тағы да адам көп мөлшерде іздейді. Ол адамның жүйкесін тоздырады. Оның бізге пайдасы жоқ.

   Есірткі – сіздің уақытыңызды өлтіруші, сіздің болашағыңызды жоюшы, арман-мақсатыңның күлін көкке ұшырушы. Сіз оны тұтынып жазыламын дегенде өміріңнің көп уақыт кетеді. Ол – уақытты өлтіруші. Сонда өз өмірін пида еткен ата-бабаларымыз осыны, жалпы ұрпақтарының осындай күйге түскенін қалады ма?  Мен «Есірткісіз өмір ғажайып» деген сөзге келісемін. Өкінішке орай қазақ қоғамында есірткі тұтынатындар қатары аз емес. Олармен күрес – күн сайынғы  күн тәртібіндегі мәселелердің бірі.   

  Менің ұсынысым қазіргі таңда жасөспірімдер тұтынатын түрлі зиянды өнімдер бар. Олар дүкендерде ашық күйде сатылуда. Менің қалауым біз жаңа Қазақстанды құрғымыз келсе, сол өнімдерді қолданыстан алып тастайық. Болашағымызды ойлап, уақытымызды бос өткізбейік, есірткіні тұтынбайық.

Жансая Мырқы,

Т.Жүргенов атындағы

№123 мектеп-лицейдің

7 сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: