Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 03:17

Есірткісіз өмірді қалаймын

02.11.2022

1058

0

Міне, Қазақстан ХХІ ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні, болашағы – біздер, жастар.

Әр адамның келешегі және өмірі өзінің қолында. Өмір – бұлақ. Біз бәріміз сол бұлақты алақанымызда сақтап жүру керекпіз. Егер жаман жолға түссек, өміріміздің маңызын қолымыздан жіберіп аламыз. Қазіргі кезде жастар өздерін көрсеткісі келіп, көп жағдайда бұрыс жолға түседі. Бұл – жастардың бойында тәрбиесі мен мәдениетінің негізі болмағанының белгісі. Бұл біріншіден әр отбасынан басталады. Отбасы – бұл тәрбиенің отаны.

Есірткі – адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететін қасірет. Есірткіге елігіп, балалық шағына, болашағына балта шабу біздің «адам» деген атымызға мүлде жат. Осы орайда данышпан, кемеңгер сөз атасы ұлы Абайдың «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген асыл пікірі еріксіз ойға оралады. Демек, «Адам деген – ардақты ат» деп бекер айтылмаған. Қаншама адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен бұл қасірет әлі де тыйылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді.

Күннің шуағынан, жылуынан сәулесінен нәр алып, тамырын топыраққа кең жайған раушан гүлі қандай көрікті, ал қараңғыда осының бәрінен мақұрым болған, қурап суалған гүлдің келбеті қандай?

Кейбір денеге енген дертті дәрігерлер көмегімен сыртқа шығаруға болады. Есірткіге елігу асқынып кетсе, оны ешбір дәрігер де, емші де емдей алмайды. Ендеше ол дегеніміз – адамның өмірімен қоштасуы.

Ұлы Ж.Баласағұн «Ақыл – Алланың сыйы» деген екен. Ақыл мен денсаулық егіз, екеуі ұштасқанда адам бақытқа кенеледі. Наша, есірткі, темекі, ішімдік ақыл мен денсаулықты түпсіз қараңғы құзға құлатады.

Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді, аяулы ата-анасын, туған-туысқанды, достарын жерге қаратып, жігерін құм етеді. Бір ойшыл дана айтқан мынадай нақыл сөз бар: «Денсаулықты сақтай білу де өнер» деген. Менің ойымша бұл өнерде ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған әрбір жас азамат игеруі міндетті.

Өмірді мәнді, бақытты ету үшін ең алдымен адамға мықты денсаулық қажет. Мықты денсаулық адамға салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болатынын есте сақтайық. Есірткі ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа.

Кәусар МАҚСҰТ,

З.Жарқынбаев атындағы

№202 орта мектептің оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: