Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 16:06

«Ұлттық қор – балаларға»: Қазақстандықтар бағдарлама үшін банкті өздері таңдай алады

29.10.2023

343

0

Қазақстандық 9 банк «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасымен жұмыс істеуге ниет білдірген, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың айтуынша, «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша жұмыс істегісі келетін банктер тиісті келісімге қол қойып, БЖЗҚ қызметтерімен интеграцияланады.

«Біз барлық банкпен жұмыс істеуге дайынбыз. Қазір «Қазпоштадан» басқа, тоғыз банк бізбен жұмыс істеуге ниет білдірді. Салымшы іс жүзінде өзіне қолайлы банкті таңдай алады. Ол қазірдің өзінде бар. Осы банктердің бірімен жұмыс болады, яғни бұл тек «Отбасы банкі» ғана емес, осы бағдарлама бойынша жұмыс істегісі келетін кез келген банк болады», – деді вице-министр.

2023 жылғы 1 қазандағы ресми деректер бойынша елдегі 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 7 млн адамды құрап отыр. Парламент қабылдаған Заңға сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында тең бөлу көзделген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: