Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сенбі, 01 қазан, 23:49

Жалағаш: Қоғамдық тәртіп — ортақ міндет

11.09.2022

47

0

Жалағаш ауданында қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 2022 жылдың қыркүйек айының 10-11 күндері Жалағаш ауданы көлемінде қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың қатарында қылмыстардың алдын алумен террористік және экстремистік сипаттағы өзге құқыққа қайшы әрекеттерді уақытылы ескерту, олардың жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары да бар.

Аудан бойынша полиция бөлімінен 40 қызметкер, атап айтқанда Жалағаш кентіне 26 қызметкер, 6 автокөлік, елді мекенге 14 қызметкер, 7 автокөлік бөлініп жұмыс істеді.

Аудан көлемінде сенбі, жексенбі күндері қылмыстық оқиғалар орын алған жоқ.

«Екі күнде атқарылған жұмыстың нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша 46 әкімшілік хаттама рәсімделсе, жол қауіпсіздік саласы бойынша 118 әкімшілік хаттама рәсімделді. Айып алаңға 13 автокөлік қамалды.

Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынып, алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорлыққа, келеңсіз жағдайлар мен төтенше жағдайларға жол берілген жоқ», делінген аудан әкімдігінің таратқан хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: