Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 21:16

Жалағашта жаңа кітап жарыққа шықты

14.10.2022

492

0

Сырдың бойын жағалай қонған елдің әрқайсысының қатпарлы тарихы бар. Әрбір ауыл, ондағы елдің терең тарихын зерттеген адам мол қазынаға ие болар еді. Сондай ауылдардың бірі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы Таң ауылы. Сонау өткен ғасырдың басында құрылып, кеңестік дәуірде ауыл шаруашылығы бағытындағы совхоз болып, күріш егумен айналысқан бұл ауыл әлі де іргесі сөгілмей, егінін егіп, малын бағып, тіршілігін жасап, өсіп, өркендеп, аймағымыздың көркейіп, дамуына үлес қосып келеді.


Баспадан жаңада ғана шыққан бұл кітапта осы Таң ауылының тарихы, ауыл азаматтары, туған жерді түлеткен еңбеккерлер, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндалған. Кітапта автордың зерттеулері, мұрағаттардан алған тың деректері, ауыл азаматтарының естелік әңгімелері, сондай-ақ ауыл өмірінің әр кезеңдерін бейнелейтін фотосуреттер жинақталған.


Кітап жас ұрпақты туған жерді сүюге, ел үшін қызмет етуге баулитын құнды дүние болады деп сенеміз. Кітаптың авторы белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы-журналист, өлкетанушы Тұрақ Адисұлы. Кітапқа тапсырыс беруші ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы, Жалағаш ауданының, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Имамзада Қуанышбайұлы Шағыртаев.
 

30.jpg
31.jpg
35.jpg
36.jpg
33.jpg
32.jpg
34.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: