Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 00:50

Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

13.07.2023

330

0

Қазақстандық жоғары оқу орындары білім гранттарына құжаттар қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

«Бүгін еліміздің барлық жоғары оқу орындары білім гранттары конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады. Құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер онлайн және оффлайн режимінде құжат тапсыра алады», делінген хабарламада.

Биыл құжаттар eGov арқылы онлайн және ЖОО қабылдау комиссиялары арқылы оффлайн режимінде қабылданады. Сондай-ақ университеттердің виртуалды іріктеу комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген университетте (орналасқан жері бойынша) тапсыруға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: