Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 02:09

Аламесекте 14:43-ке дейін 533 сайлаушы өз таңдауын жасады

05.06.2022

653

0

Аламесек ауылдық округінде барлығы 995 сайлаушы бар. Олардың ішінде 18 жастағы сайлаушылар саны – 18. Ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №151 сайлау учаскесіне келген елді мекен тұрғындары таңғы сағат 7:00-ден бастап өз таңдауын жасап жатыр.

Сағат 14:43-тегі мәліметке сүйенсек, ауылдағы 995 сайлаушының 533-і жалпыхалықтық референдумға дауыс берген. №151 сайлау учаскесінің төрағасы Әбдіқайыр Әйтімов жалпы ауыл халқының саяси науқандағы белсенділігін жоғары бағалайды.

– Иә, бұл саяси науқан, яғни жалпыхалықтық референдум – үлкен өзгерістің бастамасы. Оған аламесектік ағайын толық сенеді. Бүгінгі жалпыхалықтық референдумда белсенділік танытып жатқаны да сондықтан. Бәрімізді де ел болашағы бейжай қалдырмайды. Мемлекет болашағы үшін әрқайымыз өз таңдауымызды жасадық. Ауылдағы сайлаушылардың жалпы саяси науқандардағы белсенділігін, табандылығын бұған дейін де байқайтынмын. Мәселен, былтыр өткен ауылдық округ әкімін сайлауда да халық белсенділік танытқан. Ал тұтас бір мемлекеттің болашағына қатысты жалпыхалықтық референдумда табандылық танытуы орынды деп есептеймін, – дейді Әбдіқайыр Әйтімов.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: