Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 15:05

Аудан әкімі А.Есжановтың 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік құттықтауы

01.06.2022

1258

0

Құрметті балалар, қадірлі жас дос! Сіздерді бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1 маусым балаларды қорғау күні – жыл сайын өткізіліп, кішкентай бүлдіршіндерімізге ерекше қуаныш сыйлайтын тамаша мереке. Сіздер мектептегі оқу сабақтарын аяқтап, кластан класқа көшіп, есейдіңіздер. Алда жаз жайнатып, Күн күлдіретін жазғы демалыс маусымы күтіп тұр. Бұл демалыста бірің ата-анаңа көмектесіп, бау-бақшадағы дақылдарды күтіп, баптап, пішен орып, үй тіршілігінде еңбек етсеңіздер, екіншілеріңіз жазғы тынығу лагерьлерінде демалып қайтасыздар. Жылдың тамаша маусымы жазғы уақыттарыңызды көңілді де, қызықты өткізетіндеріңізге сенемін.

Адамзат қоғамы әрқашанда өз ұрпағын түрлі қауіп-қатерден қорғап, олардың жарқын болашағы үшін күресіп келеді. Ұрпағымызға қамқорлық жасау, балаларды соғыс қаупінен қорғау, олардың денсаулығын сақтау, саналы тәрбие беру – аса маңызды міндет. Әрбір халық ұрпағымен көктеп, ұлтымен өркен жаяды десек, біздің де тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы балаларымыздың болашағымен байланысты. Кез-келген ата-ананың өз балаларының бақыты жолында еткен еңбегі сол елдің ертеңіне қосқан үлесі болмақ. «Болашақ бүгіннен басталады» деп дана халқымыз бекерге айтпаса керек. Мемлекет саясатында айқындалып жүргендей, балаларға көрсетілетін жан-жақты көмек, оларға берілетін жеңілдіктер мен жәрдемақының бір жүйеге келтірілуі, 2022 жылдың балалар жылы болып белгіленуі – кемел келешегімізге жасалатын құтты қадамдар.

Біз, «Бар жақсымыз балаларға!» деген халықпыз. Осы бір қағидамен өмір сүріп, еңбек етіп келеміз. Алдағы уақытта да балаларымыз үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатын болады.Құрметті балалар!

Сіздерді 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, әр уақытта аспанымыз ашық, дендерің сау, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспін! Мереке құтты болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: