Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 10:34

Қасымқожа Жұбатыров, Жалағаш ауданының ардагері: «Конституциямыз жаңа сипатқа ие болады»

05.06.2022

570

0

№130 сайлау учаскесінде сағат 10:43-ке дейін 130 сайлаушы өз таңдауын жасады. Жалпы мұнда 1319 жалағаштықтың дауыс беруіне мүмкіндігі бар. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі сайлаушылар саны – 10.

Сағат 10:43-ке дейін Жалпыхалықтық референдумға дауыс бергендер қатарында Жалағаш ауданының ардагері Қасымқожа Жұбатыров та бар. Ол өз таңдауын жасау арқылы ел болашағын жарқын етуге үлкен үлес қосқанына сенеді. Сондай-ақ бұл саясаи науқанға қатысу әрбір отандасымыз үшін азаматтық міндет деп біледі.

– Президент халыққа Үндеуінде конституциялық реформа жасау қажеттігін айтты. Бұл шын мәнінде ел тағдыры үшін аса маңызды. Бұйыртса, бүгінгі науқаннан кейін Ата заң баптарының үштен бірі өзге­реді. Яғни Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Міне, бүгінгі өтіп жатқан референдумның маңызы осында. Мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асуы тиіс және солай болып та жатыр. Бұл жалпыхалықтық референдумның мемлекет болашағы үшін ерекше маңызға ие екенін бәріміз түсінуіміз керек, – деді аудан ардагері Қасымқожа Жұбатыров.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: