Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сенбі, 02 қараша, 08:09

Өзгерістер өз нәтижесін беруі керек

04.09.2023

590

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты дәстүрлі Жолдауын барлығымыз тыңдадық. Ел Президентінің саяси құжатында айтқан басым бағыттарына мән берсек, қоғамның сұраныстарына жанашырлықпен қарағанын айқын аңғаруға болады.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, былтырғы жылдан бері жүргізілген ауқымды саяси реформаларға тоқталып, елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққанын, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
Сонымен бірге «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» қағидатын нақты әрі нәтижелі түрде іске асыру қажеттігін және Президент осылай мемлекет өміріне қоғамның барлық өкілдері араласу керектігін жеткізді. Сонымен қатар Президент нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін де мәлімдеді. Бұл ретте, әрине, жауапты министрліктердің, жаңадан құрылған министрліктердің жұмыс жүйеі өте маңызды. Кез келген реформа өз нәтижесін беруі үшін уақыт керек. Алайда, қанша уақытқа созылса да халық үшін оң нәтижесін берсе онда ол реформаның мақсатты жүзеге асқаны деуге болады.

Жақсылық ӨЗДЕМБАЕВ ,
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: